Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген депутат мандатынан айырылып, қамауға алынды
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген депутат мандатынан айырылып, қамауға алынды
© diapazon.kz
Ақтөбе мәслихатының депутаты мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды. Депутат өз кінәсін мойындамайды, бірақ сот оны жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп жазады diapazon.kz 20 мамырда Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымғалиді полицейлер мас күйінде тоқтатқан. Медициналық куәландыруға жіберілген депутаттың қанында алкоголь анықталды. Қасымғали куәландыру нәтижелерімен келіспеді және мас күйінде көлік жүргізді деген айыпты мойындамады. Іс сотқа өтті. Депутат 15 күнге қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен, сонымен қатар депутаттық мандатынан айырылды.  
– Ербол Қасымғалидің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, – деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясы.
Ақтөбе қалалық мәслихаты сайтында Ерболат Қасымғалидың «Ойл Гео Контракт» ЖШС бас директоры қызметін атқаратыны көрсетілген.