Ақтауда кәріз құбырынан нәрестенің денесі табылды
Ақтауда кәріз құбырынан нәрестенің денесі табылды
Фото: lada.kz
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, шала туған нәрестенің денесі Ақтауда 32-ықшамаудандағы кәріз құдығынан табылған. Бұл туралы Lada.kz жазды. Кеше сағат 11.51-де 102 жедел желісіне 32-ықшамауданда кәріз құдығынан шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, сот-медициналық сараптама тағайындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.