Қарағандыда 38 жастағы әйел ХҚО-ға келгенде өзінің "өлілер" қатарында екенін білді
Қарағандыда 38 жастағы әйел ХҚО-ға келгенде өзінің "өлілер" қатарында екенін білді
1,978
оқылды
38 жастағы қарағандылық өз есімінің деректер базасында қайтыс болғандар тізімінде тұрғанын анықтаған. Бұл фактіні ол жеке басын куәландыратын құжатты жаңарту үшін ХҚО-ға жүгінген кезде білген, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы жылдың 23 мамырында 38 жастағы Надежда Липина жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты оны ауыстырмақ болып халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген. ХҚО қызметкерлері оған 2012 жылдан бастап деректер базасында «қайтыс болған» деп тіркелгенін хабарлағанда қатты таңғалғанын айтады.
«Осы жылдар ішінде ресми жұмыс істеймін, барлық аударымым бар. Несие алдым, 2018 жылы бала тудым, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алдым. Маған АХАТ тіркеу кітабында «өлгенім» жазулы тұрғанын айтты. Бұл қалай болуы мүмкін? Түсінсем бұйырмасын», –  дейді Надежда Липина.
Екі аптадан кейін халыққа қызмет көрсету орталығында әйелге қате түзетілді және ол құжатты ауыстыруға келе алады деп хабарлаған. Бұл жағдайға қатысты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар қате оның кінәсінен болмағандықтан, әйелдің мерзімі өткен құжат үшін айыппұл төлемейтініне сендірді.
«Азаматша Липина жүгінген кезде мәліметтер базасында бұрын берілген куәлік 2012 жылы «азаматтың қайтыс болуына байланысты» себебін көрсете отырып, қате жойылғаны анықталды. 9 маусымда деректер базасына түзету енгізілді.  Липина жалпы тәртіпте құжат рәсімдей алады», – деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.