Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
317
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Бюро отырысында депутаттарға «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Құжат өсімдік биоалуантүрлілігін сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасау мақсатында өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар жиында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобаларын екінші оқылымда қарау жоспарланды.