Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен қызметінен кетті 1

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз еркімен босатылды" делінген ведомствоның жазбасында.

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев бұл ауданға басшы болып биыл 18 ақпан күні тағайындалған болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.