Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат мәтіні мынадай:
«Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым, № 920» делінген Ақрданың сайтындағы Жарлықта.
Айта кетейік, Нұрлан Ұранхаев 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген.
Білімі:
1987 ж. - В.И. Ленина атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
2001 ж. – Қазақ қаржы-экономикалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
2006 ж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді.
1995-1997 жж. - Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы.
2001-2003 жж. - «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Иркутск облысы.
2003-2005 жж. - Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы.
2005-2006 жж. – Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
2006-2007 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007 ж. - Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы.
2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор.
2009-2010 жж. - «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Семей қаласы.
2010-2013 жж. - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жж. - Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. - Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары.
2015-2017 жж. - Ұлттық экономика министрлігінің ««ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры.
2017-2018 жж. - Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019 жылдың 13 мамырынан - Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы.