Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат мәтіні мынадай:
«Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым, № 921», - деп жазылған Ақорданың сайтында.
Айта кетейік, Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.
Білімі:
1985 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.
1987-1991 жж. - «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.
1991-1994 жж. - «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.
1994-1995 жж. - Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.
1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.
1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.
2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2002-2003 жж. - «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2006-2008 гг. - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.
2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.
2009-2015 жж. - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2019 жылдың 19 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі басшысы.