Құттықтаймыз, Сіз вакцинацияны сәтті өттіңіз! – Екпенің есебі толмай жатқан сияқты
Құттықтаймыз, Сіз вакцинацияны сәтті өттіңіз! – Екпенің есебі толмай жатқан сияқты
785
оқылды
Қазақстандықтарға екпеге шақыру хабарламалары келіп жатыр. Қызығы, оған ешкім бармаса да, артынша «Құттықтаймыз, Сіз вакцинацияны («вакцинациялаудан» болу керек – автор) сәтті өттіңіз!» деген хабарлама келеді. Бұл туралы желі қолданушылары көптеп жазып жатыр.
Мәселен, Диас Нұрақын есімді журналист, желі қолданушысы парақшасына былай деп жазды: «Мемлекеттің миллиардтарын шығындап сатып алған вакцинаны оңды-солды шашып жатыр. Жаңа Қазақстанда да құлақтан тебу қасиеті қалмапты. Бүгін әкеме вакцина салғызуға келіңіз деген хабарлама түсті. Артынша екпені сәтті алдыңыз деген ақжолтай жаңалық ілесе жетті. Алматыда жүрген адам 250 шақырым жердегі Кегенге SpaceX зымыранымен ұшып барған сияқты. Жоспар орындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бірақ оған бөлінген ақша қайда кетіп жатыр Giniyat Azhar ханым?».
Бұл жазбаға байланысты жазылған пікірлердің ішінде де өздеріне хабарлама келіп, артынша құттықтағанын жеткізген желі қолданушылары бар. «Барлық өңірде осындай жағдай деп ойлаймын. Маған да солай хабарлама келген. Емханадағылар "өзгенің аты-жөнімен шатастырып енгізіп жіберген ғой" деп құтылды»  деген Ербол Молдабек. Кенжебек Оңалбекұлы: «Менде де тап осы жағдай, Диас. Pfizer «салған екенмін», – дейді. «Маған да келді осындай хабарлама», – деп растады Қасымбек Нұржан.