Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Елбасы сайтының баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.