Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словакияны тағы да жеңді
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словакияны тағы да жеңді
515
оқылды
Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы елордадағы «Астана Арена» стадионында Словакия командасын қабылдады. Топтық раундтың төртінші турындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 18-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 39-минутта Елхан Астанов есеп айырмасын екі голға жеткізді. 51-минутта Матус Беро есеп айырмасын қысқартты, ал матч соңында словактар ​​екінші голды соқты, бірақ шабуылда ереже бұзылғаны үшін гол жойылды. 87-минутта Ондрей Дуда (Словакия) бір минут ішінде екі рет ереже бұзып, қызыл қағаз алды. Осылайша, қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірген Қазақстан құрамасы ұпай санын 10-ға жеткізді. Қазақстан құрамасы қалған ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, үш күннен кейін сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.