Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші болып тағайындалды
Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші болып тағайындалды
© egemen.kz
791
оқылды
Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.
Енді Қазақстанда мемлекеттік хатшы деген лауазым жойылды. Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. 1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі. 1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры. 2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы. 2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы. 2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры. 2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2019 ж. сәуір - 2020 ж. шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2020 ж. шілде - 2022 ж. қаңтар Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2022 жылғы 5 қаңтардағы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды.