Байланыссыз қалған ауылдар
Байланыссыз қалған ауылдар
382
оқылды
Елімізде соңғы 1,5 жыл ішінде 968 ауылды елді мекенде байланыс сапасына тексеру жүргізілді. Бұл ауылдар барлық мобильді оператор желісіне қосылу бойынша «250+» бағдарламасына кіреді. Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамовтың айтуынша, ауылдардың 56-60 пайызында ғана байланыс талапқа сай. Стандартқа сәйкес, 3G желісі үшін ең төменгі сапа параметрі секундына 1 мегабит, 4G үшін секундына 5 мегабит болуы қажет. «Байланыс базалары орнатылған кезде қолданушылар тұтынатын ақпарат көлемі үшін сапа жеткілікті болды. Жыл сайын байланысты тұтыну көлемі мен трафик артып келеді. Ол сәтте басқа қолданушы үшін байланыс сапасы төмендейді. Бұл министрліктің немесе оператордың сапасыз жұмыс істеуінен емес. Уақыт өзгереді, сәйкесінше тұтыну көлемі артады. Байланыс сапасын басқа жабдықтар есебінен жақсарту немесе базалық стансалардың тығыздығын қамтамасыз ету қажет», – деп толықтырды комитет төрағасы.