Алып сәби өмірге келді
Алып сәби өмірге келді
1,287
оқылды
Түркістан облысының тұрғыны 6 келі тартатын қыз баланы дүниеге әкелді. Кесарь тілігімен босанған 30 жастағы ананың жағдайы отадан кейін ауыр болған. Дәрігерлер жасаған тиісті ем-шаралардан кейін қазір келіншектің де, сәбидің де халі жақсы. Мамандар соңғы кездері нәрестелердің артық салмақпен туу фактісі артқанын айтады. Мұны олар халық арасында қант диабеті сырқатының жиілеуімен байланыстырады. «Сәбидің әкесі қант диабетімен ауырады. Мұндай нәрестелер қауіпті топқа жатады. Сондықтан олар үнемі дәрігерлер бақылауында болуға тиіс. Ағзадағы глюкоза деңгейі ұдайы тексеріліп тұруы қажет. Сондай-ақ олардың көп уақытқа дейін тек емшек сүтімен тамақтануы маңызды», – дейді №2 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі Гүлмира Сапиева. Айта кетейік, биыл бұған дейін осы облыста салмағы 6 300 грамм болатын қыз бала туған еді.

Азат ҚАЗАҚ