Жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді
Жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді
© atpress.kz
423
оқылды
Еңбекші аудандық партия филиалына мамыр айында  Еңбекші ауданы,18 мөлтек ауданының көшесінің жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді сұраған өтініш түсті. Өтініш берушінің мәселесімен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Есілбек Досбол Күздікбайұлы толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлының және қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының  ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болып шешті. 2022 жылдың маусым айында 18 мөлтек ауданы бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді. Мәселе оң шешімін тапты.