Қазақстанда азық-түлік 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін – экономист
Қазақстанда азық-түлік 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін – экономист
Қазақстанда азық-түлік тағы 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Экономист Андрей Чеботарев «Астана» телеарнасына берген сұхбатында осындай болжам айтты. Оның айтуынша, қазіргідей геосаяси жағдайда Қазақстан да кез келген импортқа тәуелді елдер сияқты тұрақсыз логистикадан зардап шегуі мүмкін. Алайда сарапшы бұған қарамастан, қазақстандықтарға ашаршылық қаупі төніп тұрған жоқ деп сендірді.
«Азық-түлік қазіргі көрсеткіштен 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бірақ біздің еліміз өзін-өзі негізгі тауарлармен қамтамасыз етеді, яғни бидай, астық, нан өнімдері болады. Біз Таяу Шығыс сияқты зардап шекпейміз. Олар шынымен ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Бұрынғыға қарағанда аз тұтыну керек болуы мүмкін, бірақ бізде ашаршылық болмайды»,  –  деді экономист Андрей Чеботарев.
Бір күн бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконжо-Ивеала экспорттық шектеулер әлемде азық-түлік бағасы өсуінің негізгі себебі болып отырғанын айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттер экспорт шарттарын қайта қарауы қажет деген ұсыныс айтқан болатын. https://www.youtube.com/watch?v=gsm71TQPAWg