Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай жұмысындағы маңызды бағыттарды атады
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай жұмысындағы маңызды бағыттарды атады
375
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында оның жұмысындағы маңызды бағыттар мен құрылтай жұмысын ұйымдастыру жайлы айтты.
«Енді, Ұлттық құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталсам. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз», - деді Президент Ұлытаудағы құрылтайда.
Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтай жұмысы сапалы болуы үшін онда елдің мұң-мұқтажына құлақ асатын азаматтар бас қосуы керек.
«Бізде түрлі пікірталас орындары бар. Бірақ ұлттық құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек. Отырыстарды мұқият ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жерде шын мәнінде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.