Той үстінде күйеу жігіт қалыңдығын ұрып жіберді: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдығын ұрып жіберді: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: piqsels.com
12,810
оқылды
Бұған дейін желіде той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігіттің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Онда келеңсіз жағдайдың Өзбекстанды болуы мүмкін екені айтылған. Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды,  – деп хабарлады gazeta.uz Басылымның хабарлауынша, Өзбекстанның отбасы және әйелдер мемлекеттік комитеті бұл оқиғаның Сурхандария облысының Ұзын ауданындағы Толтугай махалласында 6 маусым күні екі жастың тойында болғанын анықтады. Іс-шара күйеу жігіттің үйінде өткен. Жастардың достары мерекелік кеште арнайы ойын ұйымдастырған. Күйеу жігіт пен қалыңдық бірінші болып конфеттің сыртын ашуы тиіс болған. Конкурста қалыңдық жеңіп кеткен. Бұған ашуланған күйеу жігіт оның басынан бір ұрған. Жергілікті ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сондай-ақ жастардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізген. Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты Өзбекстан Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалған. Аталған бап бойынша 3-тен 5 есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.