Илья Ильинді үлгі тұтамын – Ерасыл Сәулебеков
Илья Ильинді үлгі тұтамын  – Ерасыл Сәулебеков
870
оқылды
Осы күндері Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің 39 елінен келген 200-ден аса спортшы бақ сынап жатқан бәсекеде зілтеміршілеріміз топ жарды. Әзірге Қазақстан қоржынында 9 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль бар. Осы орайда құрама қоржынындағы алғашқы алтынды олжалаған Ерасыл Сәулебековпен сұхбаттасқан едік. – Ерасыл, күні кеше ға­на әлем чемпионатыңда жеңіс­ке жеттің. Әлем чем­пио­ны атанғандағы әсерің қандай бол­ды? – Жеңіске жетіп, чемпион атан­ған сәттегі сезімді сөзбен жеткізу қиын. Төбем көкке жеткендей бол­ды. Әлемнің мықтылары жиналған ірі жарыс болған соң алдымызға үл­кен мақсат қойып бардық. Міне, соған жетіп отырмыз. Әлі Мекси­ка­дамыз. Отандастарымыз құттықтап жатыр, баршаңызға рақмет. Ерасыл Сәулебеков – Қоссайыста 281 келіні ба­ғын­­дырдың. Бұл оңай емес еке­ні белгілі. Айрықша күш-жі­гер­ді қажет ететін до­даға қа­лай дайындалдың? – Дайындық қиын болды. Көп жарақат алып, бел, аяқ ауыр­са да, шыдадық. Жаттығуды тоқ­татпадық. Ең бастысы, жақсы нә­ти­жеге жеттік. – Жаттығу залында қанша уақытыңды өткізесің? Жаттыққан сәтте жеңіл салмақты бірінші көтересің бе әлде ауыр салмақтан бастаған ыңғайлы ма? – Жаттығу залында ең аз дегенде 1 сағат уа­қы­тымды жұмсаймын. Негізі, көбіне 3 сағат жаттығамыз. Қыз­дырынып алып, аз салмақтан бастаймыз ғой. – Жұлқа көтеруде 123 келіні, ал серпе көтеруде 158 келіні бағындырдың. Қайсысы қиын болды? – Шынымды айтсам, екеуі де оңай емес. Алайда отандастарымның қолдауынан кейін қатты қиындықты сезін­бедім. ауыр атлетика Ерасыл – Сенің салмағыңда (67 келі) 9 спортшы әлем чем­пионы атағына таласты. Алайда саған тең келер ешкім болмады. Жеңіске жетуіңе жаттықтырушыңның да үлесі мол. Бапкерің туралы біле отырсақ. – Бапкерім – Айдар Ералиев. Бала кезімнен, 9 жыл бойы жаттықтырып келеді. Көптеген сынақта қасымнан та­­былды. Мұнымен қоса Жәнібек, Дима, Айбек ағай­ларымның көп көмегі тиді. Негізі, ауыр атлетикаға алғаш 6 жасымда Ақылбек деген ағам алып келген. Сол сәттен бастап осы спортты таңдадым. Үміті ақталған сәтте ағама да алғысымды білдірсем деймін. – Қазір жасың нешеде? – 2006 жылы өмірге келгенмін. Жасым 15-те. Әлі жаспын (күліп). – Боксшылар жекпе-жек алдында салмақ қуып, көп тағамдардан тыйылуға мәжбүр бо­ла­ды. Ал сен қандай тағамдардан бас тарта­сың? – Иә, спортшы болғасын, та­мақ­тану тәртібіне мән бере­тін­дер бар. Бірақ бізде мұндай қ­а­ғида жоқ. Әр тамақ бізге күш береді. Сондықтан еш­қандай шектеу қой­май­мыз, тамақ талға­май­­мыз. – Спортпен айналысып жү­ріп сабағыңнан қол үзіп қала­тын кездер бола ма? – Жоқ, сабағыма кедергі кел­тір­мейді, бәрін қатар алып жүруге ты­ры­­са­мын. Енді кейде үлгермей қала­тын кез­дерім болады. Өзім математика, Қа­зақ­стан тарихы пәндерін сүйіп оқимын. Әлем чемпионы – Спорттан бөлек, болашақта қандай да бір маман иесі болғың келетін шығар? – Мүмкін. Бірақ ол жағын әлі ойланбадым. Қазіргі бар арманым – Олимпиада чемпионы болып, еліміздің абыройын асыру. – Жетістігін жоғары бағалайтын спортшыларың бар ма? Жалпы, ауыр зат көтеріп, күш сынасатын спорт несі­мен қызықтырды? – Жеңіске деген ұмтылыс, талас. Зілтемірді көтеру. Қар­сыласты жеңе білу, кейде жеңілу. Осының бәрі қызық болды. Осы саладағы спортшылардан Илья Ильиннің, Алек­сандр Зайчиковтің жетістігіне қызығамын. Оларды үлгі тұтамын. – Хоббиің не? – Атқа мінгенді жаным сүйеді. Атқа мініп алып, әсем та­би­ғатта серуендегенге не жетсін! – Туған жерің, отбасың туралы да айтсаң. Сенің же­тіс­­тігіңе қуанып жатқан болар. – Әрине. Қызылорда облысы Жосалы ауданында туып-өстім. Отбасыма келер болсақ, әкем мен анам және ағам бар. – Әңгімеңе рақмет!