Жүзден астам африкалық азамат Атырауда жұмыс істеп жүр
Жүзден астам африкалық азамат Атырауда жұмыс істеп жүр
1,209
оқылды
Атырау облысында жұмыс істеуге Африканың бірнеше елінен азаматтар келген. Олар қарапайым жұмысшы емес, инженер болып еңбек етеді. Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, облыс аумағында 109 қара нәсілдіге жұмыс істеуге рұқсат берілген.
«Африкалық 109 азаматқа облыс аумағында жұмыс істеуге рұқсат бердік. Олар үшінші санат бойынша жұмыс істейді. Яғни, инженер лауазымында қызмет атқарады. Олардың жалақылары туралы мәлімет жоқ», – дейді басқармадағылар.
Бейресми деректерге сүйенсек, Африкадан келген жұмысшылар – Нигерия, Зимбавье және Оңтүстік Африка Республикасының азаматтары. Олар Атырау маңында орналасқан «Қарабатан» мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеп жатыр. Онда Қашаған мұнайы өңделеді.