Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған азамат ұсталды
Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған азамат ұсталды
770
оқылды
Шекарашылар мемлекеттік шекараны күзету қызметі барысында Жетісу облысы Сарқан ауданының «Сарқан» шатқалында Қазақстан азаматының басқаруындағы «Ауди» автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 33 дана Қызыл кітапқа енген «Ақшыл секпілгүл» өсімдігінің тамыры табылды. «Ақшыл секпілгүл» (Рябчик бледноцветковый) Үкіметтің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түріне жатқызылған.
 "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жыртқыш пайдалану салдарынан дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылуда» екенін атап өткен. Табиғатты қорғайық!" – деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.