Ақмола облысында жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті
Ақмола облысында жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті
649
оқылды
Ақмола облысы аумағында жүк пойызы теміржолда жайылып жүрген ондаған малды басып кетті. Оқиға «ОП-96-Жайнақ» теміржол өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі теміржолда малдың жайылып жүргенін байқап, тежегішті шұғыл басқанымен, тоқтап үлгермейді. 22 қой-ешкі өлген, ал пойыз 22 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.
«Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесі ҚР ӘҚК 559-бабы 1-тармағымен теміржол аумағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді департаменттен.