Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мектепті "Алтын белгімен" аяқтады
Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мектепті "Алтын белгімен" аяқтады
820
оқылды
Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева биыл Ақтау қаласындағы IT лицейін "Алтын белгімен" аяқтады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
"Бүгінгі күн бәріміз үшін өте маңызды. Мектеп — мейірімнің, инабат пен руханияттың, білім мен тәрбиенің ордасы. Араларыңызда республикалық, халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары бар. Шахматтан Гиннестің рекордтар кітабына енген әлем, Азия чемпионы Бибісараға елімізде осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін шексіз ризашылығымды білдіремін", — деді Нұрлан Ноғаев.
Биыл облыста 166 орта мектепті 167 385 түлек аяқтап жатыр. Оның ішінде 9-сыныпты 12 500, 11-сыныпты 7 562 түлек бітірді. 174 түлек "Алтын белгі", 515 түлек "Үздік аттестат" иегері атанды. Естеріңізге сала кетейік, биыл Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицте бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.