Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
514
оқылды
Әлемде коронавирус жұқтыру бойынша тіркелгендер саны 3,4 млн-нан асқан. Бұл туралы COVID-19 алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Ведомство мәліметінше, коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары алдыңғы кезеңге қарағанда 300 мыңға көп.
«Ауру санының өсуі Азия мен Таяу Шығыс елдерінде байқалады. Израильде күніне шамамен 10 мың вирус жұқтыру тіркелді. Бұл – сәуір айының басынан бергі ең жоғары көрсеткіш», делінген хабарламада.
Сонымен қатар індетке шалдыққандар саны Еуропаның бірқатар бөлігінде де күрт артқан.
«Францияда жаңадан жұқтырғандар саны күніне 50 мыңнан асады, мұндай жағдай сәуір айының аяғынан бері болмаған. Германияда күніне 80 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған, өткен аптамен салыстырғанда ондағы науқастар саны төрттен бірге артты. Ал Италияда кейінгі күндері бірден екі есеге өсті», делінген ведмствоаралық комиссия хабарламасында.