Қазақстанда доллар арзандады
Қазақстанда доллар арзандады
1,950
оқылды
KASE қор биржасының таңғы сессияның қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар арзандады. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,65 теңгеге төмендеп, 443,26 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 20 маусымдағы ресми бағамы 446,87 теңге болған еді. Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пунктерінде доллардың орташа бағамы - 443,83 теңге, ал сатылымда - 448,12 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбас пунктерінде долларды орта есеппен 441,17 теңгеден сатып алып, 443,78 теңгеден сатып жатыр.