Бразилияның Correio 98 FM радиосының эфирінде күн сайын Димаш Құдайбергеннің әндері тоқтаусыз беріліп жатыр.
Биыл мамыр айынан бастап радиотыңдарманға Димаштың «Я скучаю по тебе» «О’кей» және S.O.S композициялары ұсынылып келеді. Бразилияның танымал Correio 98 FM радиосы алғаш рет 1983 жылы эфирге шықты. Радиостанцияның штаб-пәтері Кампина-Гранди қаласында орналасқан. Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, әртістің түрлі музыкалық жанрларда және әлемнің көптеген тілдерінде ән шырқайтынын атап өтеді.
Д.Құдайберген әндерінің Бразилияның ірі радиостанциясында таратылуы – Dimash Qudaibergen FC Brasil фан-клубы жұмысының нәтижесі. Сондай-ақ осы жоба аясында Бразилияның танымал Extra газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материал шықты.