Қарағандыдағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржы ұрлаған
Қарағандыдағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржы ұрлаған
1,083
оқылды
Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram арнасында жариялады. Қарағанды облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу кезінде бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына аударып отырғаны анықталған. Жалпы шығын мөлшері 88 миллион теңге. Ал қазір оның 13 миллион теңгесі өтелген.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.