Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр
Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр
1,196
оқылды
Астаналық 18 тұрғын тамақтан уланып, ауруханада жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астан улану бойынша 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны – 53» делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, пациенттердің жалпы жағдайы орташа, қалыпты. Бұған дейін, 13 маусым күні елордада 64 адам тамақтан уланғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Науқастардың барлығы улану себебін астаналық қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тұтынған өніммен байланыстырған.