Жыл басынан бері қант бағасы 61 пайызға қымбаттаған  
Жыл басынан бері қант бағасы 61 пайызға қымбаттаған  
Фото: jana-kezen.kz
907
оқылды
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ф.Қаратаев, Қ.Ержан, М.Елюбаев, М.Төлепберген, З.Камасова, Ж.Телпекбаева, Г.Нұрымова Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға қымбатшылық, қант бағасы туралы депутаттық сауал жолдады. Біздің депутаттық сауалымызға жақында еліміздің сайлаушыларымен кездесу барысында еліміздегі барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі, оның ішінде қанттың тапшылығы және бағасының қымбаттауы негіз болып отыр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенетін болсақ, 2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,9 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде жыл басынан бергі кезеңде қант бағасы 61 пайызға қымбаттап отыр. Бүгінде республиканың қантқа жылдық қажеттілігі – орта есеппен 550-600 мың тонна (ай сайын орта есеппен 45 мың тонна). Мысалы,  2021 жылы қантқа сұраныс 532,5 мың тонна немесе айына 44,4 мың тонна болды. Қазір  өзімізде өндірілетін қант 10 пайызы ғана өндіріледі. Қалғаны импортқа тәуелді. Осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудырып отыр. Өйткені қанттың бағасы шарықтап 1 келісі  600-900 теңге аралығында сатылуда, оның үстіне қант тапшы болуда, кез келген дүкеннен таба алмайсыз. Тек белгілі бір сауда орындарында ғана сатылуда.  Салдарынан қазір қант тұтынатын отандық өнім өндіретін кондитерлік шағын кәсіпкерлерді айтпағанда ірі кәсіпкерлердің өзі жабылуда. Мұндай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының бұдан әрі өсе беретін болса, ел арасында үлкен дау-дамайға айналуы мүмкін. Осыған орай  жоғарыда айтылғандардың негізінде көрсетілген проблемаларды шешу үшін: – Мемлекет тарапынан тарифтік жеңілдік  бойынша 350 мың тоннаға дейін қолдау көрсетіп отыр. Дегенмен де жеңілдік бойынша шетелден қантты тасымалдайтын кәсіпкерлер елге алып келетін мерзімі 4 айға беріліп отыр,  ол өте аз мерзім. Өйткені әлемдегі экономикалық түрлі санкцияларға байланысты барлық логистика бойынша порттар және тағы басқа транспорттар бос емес, оның үстіне еліміздегі банктер шетелмен жұмыс істеу үшін қаржы операциялары ұзаққа созылуда. Осыған орай отандық тасымалдаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында тасымалдау мерзімін ұзартуды, яғни 5-6 айға дейін және жоғарыдағы аталған қанттың жылдық қажеттілігі 550-600 мың тоннаға сәйкестендіру үшін 350 мың тоннадан бөлек тарифтік жеңілдікті тағы да ұлғайтуды; – Жоғарыдағы аталған мәселе шешімін таппаса,  10-12 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекет тарапынан қант туралы атқарылып жатқан жұмыс жөнінде елді БАҚ арқылы ақпараттандыруды ұсынды.