Елордада тұрғындар үшін аула, саябақтарда барлық жағдай жасалады
Елордада тұрғындар үшін аула, саябақтарда барлық жағдай жасалады
Фото: Александр Куприенко
335
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау кезінде бірқатар аулаға барып, тұрғындармен оларды одан әрі абаттандыру мәселесін талқылады. Бұл туралы қала басшысы Instagram парақшасында жазды. «Біз аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді ауқымды түрде абаттандыруды ары қарай да жалғастырамыз. Мұның бәрі елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін ғана емес, сол сияқты спортпен айналысуына көбірек орын болуы үшін жасалып жатыр.    width= Абаттандыру жұмысы елорданың барлық ауданында, сондай-ақ елді мекендерде де жүріп жатыр. Осыған байланысты жоспарға қала тұрғындары жүгінген, аулалары ескірген, осыған дейін бос жатқан орындар мен батпақты тұстар және т.б. учаскелер енгізіледі.    width= Қаланы аралау барысында Сейфуллин, 9, 9/1, Бөгенбай батыр, 35, Абай, 63, Тархан, 9, Пушкин, 1, 3/1, Кравцов, Целинный шағынаудандары  және өзге де мекенжайларда орналасқан аулаларға бардым.    width= Биыл жүргізілетін жұмыстардың көлемін ескерер болсақ, абаттандырылған аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 700-ге жетеді. Бұған қоса қолданыста бар аулаларға да көңіл бөлеміз. Қала тұрғындарын абаттандырылған орындарға ұқыпты қарауға шақырамын, себебі аулалардағы барлық жағдай тұрғындар үшін жасалады», – деп жазды әкім. https://youtu.be/DQH8Cma6cwU

Фото: Александр Куприенко