Алматыда ұрланған 250-ге жуық телефон Қырғыз Республикасынан табылды
Алматыда ұрланған 250-ге жуық телефон Қырғыз Республикасынан табылды
Фото: ПД-нен алынды
883
оқылды
Алматыда криминалдық полицейлер іздестіру нәтижесінде, 250-ге жуық смартфонды тапты, – деп жазады 24.kz. Қазақстандық алыпсатар Қырғыз елінің азаматымен өзара келісіп, Алматыда ұрланған смартфондарды беріп жіберіп отырған. Оның орнына Бішкекте қолды болған гаджеттерді айырбастап алған. Күдікті қамауға алынды. Телефондардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды. Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Іздестіру барысында полицейлер 1989 жылы туған П. есімді азаматты ұстады. Ол қылмыстық жолмен табылған ұрланған заттарды сатып алатыны белгілі болды. Полицейлер 202 шағым негізінде 246 ұялы телефонды іздеді. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді.