Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қыздың ісі сотқа жіберілді
Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қыздың ісі сотқа жіберілді
Фото: AstanaTV сюжетінен алынды
Ақтөбеде 16 жастағы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Оның 19 жастағы досы да тергеу изоляторында отыр, – деп хабарлайды AstanaTV. Алматы аудандық прокуратурасының мәліметінше, әйелді өз үйінде пышақтап өлтірген. Күдіктілер бұл туралы полицияға кеш хабар берген. Анасын өлтіруге не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, жасөспірім жасы 16-да болса да, кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған. Тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әсел Өтенова: «Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен 16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлағаны анықталды. Айыпталушылардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды», – дейді.