Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу аяқталды
Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу аяқталды
© tengrinews.kz
1,005
оқылды
Бұл туралы оның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 
"Сот тергеуі аяқталды. Пікірталас пен үкімнің шығуы қалды", – деп жазды Томирис Байсафаның анасы.
МГИМО-ның студенті қазақстандық Томирис Байсафа 2018 жылдың көктемінде Мәскеуде университет терезесінен құлап қайтыс болды. Өткен жазда Дағыстанның бұрынғы Премьер-министрінің ұлы, қазақстандықтың өліміне қатысты басты күдікті Муртузали Маджидов ақталды. Одан кейін осы жылдың ақпан айында ақтау үкімінің күші жойылды. Мәскеуде бұл іс бойынша жаңа сот процесі басталды.