ШҚО-дағы Белуха тауында қар көшкіні жүріп, 2 альпинист қаза тапты

ШҚО-дағы Белуха тауында қар көшкіні жүріп, 2 альпинист қаза тапты 1
© inform.kz

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында екі альпинист қар көшкінінің астында қалып, қаза тапты, – деп хабарлайды облыстық ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін Көккөл көлі ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист тауға шығатын жолды нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде қар көшкінінің астында қалып қойған.

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған, екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы.

Сондай-ақ 1990 жылы туған тағы бір азамат зардап шеккен, ал бір альпинист аман қалды.

«Құтқару жұмыстарына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа көтерді. Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті»,– делінген хабарламада.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.