– Суретшілер, шығармашылық иелеріне өздерінің қарым-қабілеттерін көрсету үшін көп жағдайда еркіндік керек. Белгіленген тақырып бойынша этюд жазу оның талантына тұсау болады. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсатымыз шығармашылық иелеріне еркіндік сыйлау болды. Симпозиумның ұйымдастырылуы барысында бізге қол ұшын созған жандарға алғысымыз шексіз. Оралдай әдемі қаладағы симпозиумнан суретшілер шабыттанып қайтты деген ойдамын, – деді жоба авторы К.Жапалова.Симпозиумды ұйымдастыруға мұрындық болған Batik kami мәдени қоры 2016 жылдан бері белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Мәдени қор шет елдерге ою-өрнегіміз бен ұлттық киімдерімізді де таныстырып жүр. Қор жетекшісі Камила Жапалова 2019 жылы АҚШ-та суретшілердің өнерін әлемге таныту мақсатында ұйымдастырылатын ART-Expo-New York халықаралық галереясында үздіктер қатарынан көрініп, Швеция елшілігінің шақыртуымен Стокгольм қаласында жеке көрмесін өткізген.
Алтынбек МЕРСАДЫҚ