Доллар мен рубль тағы да қымбаттады
Доллар мен рубль тағы да қымбаттады
Фото: mail.kz
1,311
оқылды
Қазақстан қор биржасында доллар мен рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде рубль 7,9-8,5 теңге аралығында сатылса, астанада 7,85-7,95 теңге аралығында құбылып тұр. Kurs.kz-тің дерегінше, елордада валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465-469 теңге, Алматыда доллар бағамы 468-474 теңге аралығында сатылып жатыр. Ұлттық банктің бүгінгі күнге белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге. Кеше доллар бір күнде 10 теңгеге қымбаттаған болатын.