Қазақстан қор биржасында доллар мен рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде рубль 7,9-8,5 теңге аралығында сатылса, астанада 7,85-7,95 теңге аралығында құбылып тұр.
Kurs.kz-тің дерегінше, елордада валюта айырбастау орындарында – 1 доллар 465-469 теңге, Алматыда доллар бағамы 468-474 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ұлттық банктің бүгінгі күнге белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге.
Кеше доллар бір күнде 10 теңгеге қымбаттаған болатын.