8 жастағы қызды зорлаған өгей әкеге 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
8 жастағы қызды зорлаған өгей әкеге 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Фото: otyrar.kz
22 жыл! 8 жасар қызды зорлаған өгей әке үшін прокуратура осындай жаза сұрады. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады. Елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиғаның  жай-жапсары өгей әке қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, кейін қансырап мектепке жібергеннен кейін белгілі болған. Кейіннен қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жіберіліп, дәрігерлер оның жатырын алып тастауға мәжбүр болды. Сегіз жастағы қызды зорлау туралы атышулы істе жантүршігерлік жаңа мәліметтер пайда болды. Алдында айтылғандай, анасының сөзінше өгей әке 8 жастағы қызын үш жыл бойы зорлап келген. Бұл оқиғаға қатысты бірқатар тың дерек Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында өткен сот отырысында белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы қызына зорлық көрсеткен өгей әкені 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Дәурен Мадалиев, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі төрағасы: «Айыптау қорытындысы бойынша, барлығы жаңа жылдан бері болған. Прокурор ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша кінәлі деп танып, барлығы 22 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады». Педофил бүлдіршін қызды қорлауды жылдар бойы жалғастырып келген болуы мүмкін. Бұл іс зорлық көрген қыз қансырап мектепке барған кезде ашылды. Жедел жәрдем қызды сол жерден ауруханаға алып кеткен. Нәтижесінде, жасалған бірнеше отадан кейін дәрігерлер қыздың жатырын алып тастауға мәжбүр болған. Ана атану бақытынан бала жасынан айырылған қыздың анасы, өгей әкеге сұралған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өте жеңіл деп санайды». Қазір қыз анасымен бірге Шымкенттегі дағдарыс орталығын мекен етуде. Онда баламен психологтер жұмыс істеп жатыр. Атышулы іс бойынша үкім келесі аптада оқылуы мүмкін. Бірақ алдымен сотталушының соңғы сөзі тыңдалады.