«Күл-талқанын шығарамын»: Канело Головкинді нокаутпен жеңетінін айтты
«Күл-талқанын шығарамын»: Канело Головкинді нокаутпен жеңетінін айтты
Фото: talksport.com
3,221
оқылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі алдындағы баспасөз конференциясы өткен болатын. Онда Канело қазақстандық боксшыға қарата ауыр сөздер айтқан. “Ол өзінше жағымды көрінгісі келеді. Бірақ екіжүзді, сондай адам. Оның мен туралы басқа жерлерде жаман нәрселер айтып жүргенін білемін. Оның мансабының күл-талқанын шығарамын. Оған кәміл сенімдімін. Менің ойымша, оны нокаутпен жеңемін”, деді мексикалық боксшы . Алайда Головкин рингтегі қарсыласының сөзіне таңғалғанын, қазіргі  эмоцияларды түсінбей тұрғанын жасырмады. “Канелоның мұндай мінезін түсіне алмай отырмын. Біз екі рет жұдырықтастық. Екі кездесуден кейін де бір-біріміздің қолымызды алып, құшақтастық. Оның артынан жамандаған емеспін”, — деді Геннадий Головкин. Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.