Абай облысында «Атамекен» ҰКП өкілдігі ашылды
Абай облысында «Атамекен» ҰКП өкілдігі ашылды
423
оқылды
Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Кикимов Facebook парақшасында жазды. Оның жазуынша, облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 43,3 мыңды құрайды.
"Өңірде ірі бизнестің 21 субъектісі жұмыс істейді, атап айтқанда өнеркәсіптегі алпауыт Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты және Бақыршық алтын өндіру кеніші бар. Сондай-ақ мұнда машина жасау саласының ірі кәсіпорындары орналасқан: «СемА»" ЖШС (автобустар және арнайы техника), DaewooBusKazakhstan ЖШС (автобустар), «Семей машина жасау зауыты» АҚ (техника), «Қазэлектромаш» ЖШС (кабель-өткізгіш өнімдер) және тағы басқа.  Сонымен қатар облыста жеңіл өнеркәсіп саласы жақсы дамыған, ал Алакөл көлінің Абай аумағындағы жағалауы бір маусымда миллионнан астам туристі қабылдай алады", – деп жазды ол.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өңірдегі бизнестің түйткілді мәселелерін баяндаған. Сонымен қатар кәсіпкерлерге съезд өтетін кезеңге дейін Абай облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдігін басқаратын директор таныстырылды.
"Өңірлік палата басшылығына меритократия қағидаты бойынша ШҚО кәсіпкерлер палатасы Семей қаласы филиалының экс-директоры Әлия Жүрсімбаева тағайындалды. Сондай-ақ президиум төрағасы Райымбек Баталов өкілдік директорды Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа таныстырды, онда өңірдегі бизнесті дамыту мақсатындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқыладық", – деп жазды Кикимов.