Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті
Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті
1,432
оқылды
Бүгін Қапшағай су қоймасында шомылуға арналмаған жерде төрт адам суға батып кетті. Қаза болғандар арасында екі 15, 12 жастағы бала бар. ТЖД мәліметінше, су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, тәтесі және апасы құтқаруға ұмтылған. Бірақ өкінішке қарай, тек апасы ғана аман қалды. Құтқарушылар екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты.
"Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Қонаев қаласында құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған 7 қалалық жағажай бар, сондай-ақ олар құтқару мұнараларымен және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен жабдықталған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмасаңыз суға белден жоғары түспеуді, балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды, су жанында демалу кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуді және толқындар мен дауылды ауа райында суға шомылмауды сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, Конаев қаласында 7 қалалық жағажай бар, олар құтқару мұнараларымен жабдықталған, құтқарушылардың кезекшілігі және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар қалада 140-қа жуық жеке демалыс орны бар", – деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.