Қаңтар қасіреті: қаза тапқан сарбазға ескерткіш тақта орнатылды

Қаңтар қасіреті: қаза тапқан сарбазға ескерткіш тақта орнатылды

Қарағанды қаласында Қаңтар оқиғасында қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбазы Мадияр Қайсаровтың құрметіне өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімдігі хабарлады.

Салтанатты іс-шараға Қарағанды қаласының әкімдігі, діни басқарма өкілдері мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері келді.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сарбаз ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

Сарбаздың әкесі Оразалы Қайсарұлы баласына құрмет көрсеткен көпшілікке алғыс айтты.

Бұған дейін «Қабірде жатқанның бәрі қарт емес...» деген Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан сарбаз Айбат Амановтың күнделігін жариялаған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.