Қалталы еркінсиді, астамсиды, қалтасы тесік еріксіз бас қасиды - тараздық ақын Президентке Үндеу жасады

Қалталы еркінсиді, астамсиды, қалтасы тесік еріксіз бас қасиды - тараздық ақын Президентке Үндеу жасады
Тараздық ақын Үміт Битенова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үндеу жасады. Оның пайымынша, шіріген бай мен сіңірі шыққан кедей барда - тәуелсіздік жоқ.
"Жалақы мен табыс көзінің арасында жер мен көктей айырма барда - теңдік жоқ, шектен шыққан еркіндік бар, шексіз шарасыздық бар.
Қалталы еркінсиді, астамсиды, қалтасы тесік еріксіз бас қасиды...
Жаңа Қазақстан осыны болдырмауы керек.
Сонда ғана Екінші Республика емін-еркін орнайды", - деп жазды Үміт Битенова.
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.