ШҚО-да жүргізушілерден қол алысу кезінде ақша алған 7 инспектор сотталды
ШҚО-да жүргізушілерден қол алысу кезінде ақша алған 7 инспектор сотталды
© видеодан алынды
1,070
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Олар 2021 жылғы шілде-қыркүйек аралығында алдын ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны және жалпы «қамқорлық» көрсеткені үшін 10-нан 300 мың теңгеге дейін пара алған.
«ШҚО Антикоррупциялық қызметі жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жауапкершіліктен жалтарудың жиі қолданылатын схемасы анықталған. Бұдан басқа, талдау барысында инспекторлар тексеру іс-шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды. Іс жүзінде барлық жағдайларда олар тек көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды сұрау процесін тіркеді. Бақылау рәсімінің өзі тіркелген жоқ, ал қолда бар 289 бейнежазба бойынша күндер мен уақыттарда сәйкессіздіктер анықталды», - делінген агенттік хабарламасында.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша КБИ-на сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар енгізілді. https://www.youtube.com/watch?v=I3aEQdK9zmo&t=88s