Атырауда жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр
Атырауда жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр
2,734
оқылды
Атырау қаласында Айзия Бахаева есімді 12 жастағы қыз іздестірілуде. Айзия 27 маусым күні Химпоселок шағын ауданындағы үйінен кешкі 19:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Үстінде ақ көйлек, аяғында ақ кроссовка бар. Осы уақытқа дейін ешқандай хабар жоқ. Еріктілерден іздестіруге көмек сұраймыз", – дейді Айзияның әпкесі Аружан Жахияева.
Сондай-ақ желіде жасөспірім қыздың көше бойымен белгісіз жаққа қарай кетіп бара жатқан сәтінен видео тарады. Бұл сәт көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Ең соңғы рет куәгерлер Айзияны 27 маусым күні сағат 19.55-те "Еламан" дүкенінде көрген. Полиция қазір жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.