Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Kaz Consul мобильді қосымшасын іске қосты
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Kaz Consul мобильді қосымшасын іске қосты
Фото: blagpanorama.com
Қытайға барып-келетін, саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін ақпарат пен қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Kaz Consul мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында WeChat мобильді платформасындағы Kaz Consul парақшасына кіру арқылы неке қию, туу туралы куәлік, ұлттық паспорт, ЭЦҚ кілттер алу, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау және т.б. мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті ақпаратты алатын болады. Сонымен қатар мобильді қосымшада консулдық округтердің картасы ұсынылған және консулдық есепке онлайн тұру мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан басқа Kaz Consul мобильдік қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы азаматтарымыз ҚХР аумағындағы Қазақстанның консулдық мекемелерінің кез келген қызметкерімен тікелей байланыса алады.