Өскеменде 44 жастағы ер адам бірге тұратын әйелдің үйін өртеп жіберді
Өскеменде 44 жастағы ер адам бірге тұратын әйелдің үйін өртеп жіберді
Фото: zakon.kz
Шығыс Қазақстанда ер адам бірге тұратын әйелімен ұрсысып қалған соң, үйін өртеп жіберген, – деп жазады Polisia.kz. Маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Үлбі полиция басқармасына Тынышпаев көшесінде өрт басталғаны туралы хабарлама түскен. Полиция оқиға орнын тексеру барысында 44 жастағы ер адам 48 жастағы әйелмен бірге тұратынын, өзара жанжалдан соң, әйелдің үйін қасақана өртегенін анықтады. Шығын көлемі – шамамен 6 миллион теңге. Күдікті кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.