Семейде ер адам балаларына 5 жыл бойы 5 миллион теңге алимент төлемеген
Семейде ер адам балаларына 5 жыл бойы 5 миллион теңге алимент төлемеген
Фото: polisia.kz
687
оқылды
Полиция Семейде ер адамның балаларына 5 жыл бойы алимент төлемегенін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларына 5 жыл бойы алимент төлемеген әке бала-шағасына 5 миллион теңге қарыз.
«29 маусымда іздестіру нәтижесінде, көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Бородулиха ауданында алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы азаматтың тұрған жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады. Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда полицейлер баласына алимент төлемей, АҚШ-та жүрген әйелді іздеп тапқанын хабарлаған болатынбыз.