Қазақстандағы алаяқ компаниялардың тізімі жарияланды
Қазақстандағы алаяқ компаниялардың тізімі жарияланды
6,478
оқылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі алаяқтық белгілері бар компаниялар тізімін жариялады. 
"Агенттік тұрақты негізде күмәнді белгілері бар адамдар, оның ішінде ҚР азаматтары шағым түсірген тұлғалар туралы ақпаратты жаңартып отырады", – деп жазылған хабарламада.
Мәліметтерге сәйкес, мұндай азаматтар мен ұйымдарда өз бетінше немесе делдалдарды тарта отырып, не олардың атынан басқа тұлғалардың өкілдерінің атын жамылып, жоғары кірісті төлеуге уәде беріп, ақша жинау әрекеттерінің белгілері бар. Тізім қазір 154 субъектіні қамтиды және ол азаматтар мен компаниялардың өтініштері мен шағымдары, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл негізінде қалыптасады.
"Тізімнің субъектілері қаржылық лицензиялау мен реттеуден тыс болып табылады, сондықтан олар көрсететін қаржылық қызметтерге байланысты клиенттердің құқықтары заңмен қорғалмайды", – деп хабарлады агенттік.