Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан
Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан
Фото: www.nur.kz
Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 
 «Маусым айының басында мешітте діни рәсім кезінде деструктивті ағымды жақтаушылар мен имам арасында жайсыз жағдай болған. Қақтығыс рәсім аяқталғаннан кейін мешіт аумағында жалғасты. Сөзге келіп қалған ерлердің бірі имамға жұдырық ала жүгіріп, дін қызметкерін соққыға жыққан»,- делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, полиция шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол 33 жастағы діни деструктивті ағымды ұстанушы болып шықты. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша іс қозғалып (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), сотқа қарау үшін жолданды. Ер адам соттың шешімімен жеті тәулікке қамауға алынды.