Жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
Жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет етті: өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындап, алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол несие ресімдеді.
Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 390-бабы 2-бөлігі бойынша осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.